Құрылымдық бөлімше: Маркетинг бөлімі
Біліктілік талаптары:
«Әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат», «Бизнес, баскару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Педагогикалық ғылымдар» бойынша жоғары білімі бар тұлға;
Жалпы еңбек өтілі БАҚ саласында немесе сабақтас мамандықтар бойынша 2 жылдан кем емес тұлға қабылданады.
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Бекітілген жұмыс регламенті мен жұмыс кестесіне сәйкес қызметін ұйымдастырады;
Бөлімге тиесілі сайт пен әлеуметтік желілерге сапалы контент дайындайды;
Корпорацияның сайттарында орналастырылатын контентті бекітуге қатысады;
БАҚ-пен жұмыс жүргізеді: сұхбаттар ұйымдастыру, пресс-релиздер мен мақалалар әзірлеу;
Корпорацияның маңызды іс-шараларын жариялау;
Медиа мен әлеуметтік желілердегі пікірлерге мониторинг жасау, апталық есеп дайындау;
Презентация материалдарын, шақыртулар мен ресми хаттарға жауап әзірлейді;
Медиа-жоспар және сценарлық жоспар құрастырады;
Іс-шаралардағы қонақтар тізімін дайындап, олардың қатысуын қамтамасыз етеді;
Контент пен фотоматериалдардың корпоративтік стандартқа сәйкестігін тексереді, сапаны бақылайды;
Құпиялылық пен авторлық құқықты сақтайды; корпоративтік ақпаратты жарияламайды;
Сапалы, әрі оқырман тартатын контент жасауға қатысады;
Бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, қызметін үйлестіру мақсатында өзге салалық құрылымдарымен өзара іс-қимыл жүргізеді;
Жұмыс берушінің медиа жобаларын насихаттау және жылжыту, рейтингті көтеру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттің тұтастығын, азаматтық қоғамды қолдау, әлеуметтік, ұлттық және өзге де шиеленістерді тұтатуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік желілердегі өз аккаунттарында, соның ішінде Instagram, Facebook, Telegram, VK, YouTube, және бұлармен ғана шектелмей, Жұмыс берушінің қызметімен байланысты міндеттерге қолжеткізуге, қоғамдық оң пікір және/немесе бейбіт тыныштыққа, саналылыққа, дұрыс түсіну мен шешім қабылдауға және т.б. ықпал ететін бейне, аудиовизуалды шығармаларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастыруға;
Әлеуметтік желілерде кез келген мәлімдемелер, пікірлер не ақпараттар жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтауға, оң немесе бейтарап күй ұстануға; егер мәлімдеме, пікірлер немесе ақпараттар қызметкер жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарына, жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, онда олар жоғарыда аталғандардың имиджі мен беделіне қауіп төндірмей, олардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Жұмыс берушінің бірінші талабы бойынша әлеуметтік желілерде (өзінің жеке аккаунттарында) жұмыс беруші мен оған тиесілі БАҚ имиджі және/немесе беделіне қатерлі, елдегі оқиғаларға теріс көзқарасты қалыптастыруға және насихаттауға бағытталған ақпаратты жарияламау қажет.
Эфирде берілетін жаңалықтарға қатысты фото бейнематериалдарды (әріптестері жасаған сюжеттер, журналистік зерттеулер, сараптамалық материалдар, сұхбаттар, т.с.с.) әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап, әрі қарай таратуы қажет.
Әлеуметтік желі және электронды БАҚ-тағы тақырыптық материалдарды ресми және бейресми сайттарға сапалы орналастырып, саралайды;
Әлеуметтік желілермен тығыз жұмыс жасап, оң көзқарастағы контентті қалыптастырады;
Өз қызметтік міндеті шеңберінде жоспарлы түрде күндік, апталық, айлық және жылдық есептерді жасайды.