"Balapan" телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі бөлімінің бас редакторы - Астана

"Balapan" телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі бөлімінің бас редакторы

Құрылымдық бөлімше: "Balapan" телеарнасы

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қызметкер міндетті:

Телеканал эфирінің жылдық, айлық қажеттілігін әзірлеуге. Апта сайын телеканалдың эфирлік бағдарламаларының жоспарын құруға;

Хабар таратуының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес ең күрделі және жауапты телевизиялық бағдарламаларды жасауды жүзеге асыруға;

Телеканалдың типтік және апталық хабар тарату торын әзірлеуге қатысуға;

Жаңадан құрылатын айдарлар мен бағдарламалар циклдері үшін бірегей бағыттарды әзірлеуге қатысуға;

Редакторлардың жұмысын үйлестіруге, оларға тапсырмалар беруге және бөліп таратуға, олардың біркелкі жүктемесін қамтамасыз етуге;

Жүргізушілерге кастинг өткізуді ұйымдастыруға және жүргізушілер базасын қалыптастыруға;

Сценарийлік материалдарды түсірілім тобына уақтылы тапсыруды қамтамасыз етуге;

Эфирге шыққан бағдарламаларды рецензиялауға, редакторлар базасын қалыптастыруға;

Телеканалдың бас режиссерімен бірлесіп бағдарламалардың басты кейіпкерлері мен жүргізушілері бойынша директорға ұсыныстар енгізуге;

Корпорация телеканал үшін жасасқан шарттар талаптарына сәйкес эфирге шығатын аутсорсингтік компаниялардың барлық жобаларын қабылдауға қатысуға. Тиісті ақаулық актілерін, сценарийлерді қабылдау-тапсыру актілерін, қабылдау актісін/ішкі актіні шарт талаптарына сәйкес қол қоюға;

Жұмыс берушінің медиа-жобаларын танымал ету және ілгерілету, рейтингті арттыру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттік тұтастықты, азаматтық қоғамды қолдау, әлеуметтік, ұлттық және өзге де алауыздықты қоздыруға бағытталған әрекеттердің алдын алу мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша өзінің әлеуметтік желілерінде, оның ішінде Instagram, VK, YouTube және басқа да платформаларда, Жұмыс беруші қызметіне байланысты қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететін, оң қоғамдық пікір қалыптастыратын және/немесе бейбітшілікке, сабырлылыққа, саналы әрекетке, дұрыс түсіну мен шешім қабылдауға шақыратын бейне-, аудиовизуалды туындыларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастыруға;

Әлеуметтік желілерде кез келген ақпаратты, пікірлерді және/немесе материалдарды орналастыру кезінде кәсіби этиканы сақтауға, пікір білдіруде оң немесе бейтарап ұстанымды ұстануға. Егер ақпарат, пікірлер және/немесе материалдар БАҚ-қа, Жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, олар аталған субъектілердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы тиіс және олардың имиджі мен беделіне қауіп төндіретін мазмұн болмауы керек;

Әлеуметтік желілерде (өз аккаунттарында) елде болып жатқан оқиғаларға теріс көзқарас қалыптастыруға немесе насихаттауға бағытталған, сондай-ақ Жұмыс берушіге және оған тиесілі БАҚ-қа имидждік және/немесе беделдік қауіп төндіретін ақпаратты орналастырмауға;

Эфирде берілетін жаңалықтар бойынша фото-, бейнематериалдарды (әріптестер дайындаған сюжеттерді, журналистік зерттеулерді, сараптамалық материалдарды, сұхбаттарды және т.б.) өз әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастыруға және ілгерілетуге;

Телеканал қызметі шеңберінде директордың тапсырмаларын орындауға.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар