Алла Гаврина

Алла Гаврина

«Таңшолпан» бағдарламаларының жүргізушісі

1992 жылдың 4 желтоқсанында Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 2010 - 2014 жылдары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері факультетінде жоғары білім алған. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 

Бірнеше жыл қатарынан облыстық, республикалық тілдер байқауында жүлделі орындарға ие болды. 

Еңбек өтілін 2014 жылы телевизия саласынан бастаған. 2014 - 2016 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Қостанай облыстық филиалының редактор-жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің дикторы болып қызмет атқарды. 

2016 жылдан бастап «Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі. 

Салауатты өмір салтын ұстанады. Спортпен шұғылданғанды ұнатады. Қосымша шығармашылық жобалармен айналысады. «Заман талабы сол - даму, алға жылжу, өркендеу. Телеарна мені көп нәрсеге үйретті, мол мүмкіндік берді. Ал Ұлттық арна мүмкіндіктердің шексіз екенін ұғындырды», - дейді Алла Гаврина.

Аймақтық арналар