Ернұр Көшерханұлы Бурахан

Ернұр Көшерханұлы Бурахан

«Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры

1981 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған. 

2001-2008 жылдары телеарнада редактор, бас редактор болды.

2007-2011 жылдары «Qazaqstan» Ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор, редактор, шеф-редактор қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.

2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды.

2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың 25 қарашасынан «Қазақ радиолары» серіктестігінің Бас директоры қызметінде.



Аймақтық арналар