«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақ телевизиясының 65 жылдығына арналған тарихи сериалдың түсірілімін бастады

14.06.2023

Корпорация қолға алған 6 бөлімді «Парыз» тарихи телехикаясы 1980-1990 жылдардағы қазақ телевизиясының өркендеу жолында еңбек еткен тұлғалардың бейнесін ашуға, олардың ұлт мәдениетіне сіңірген еңбегін көрсетуге бағытталған.


Сериалдағы негізгі кейіпкерлер Камал Смайыловтың рөліне актер Жалғас Толғанбай, Шерхан Мұртаза рөлін ойнауға Айдар Наурызбаев, Сағат Әшімбаевтың рөліне Азамат Сатыбалды, Оралхан Бөкей бейнесін сомдауға Әділ Ахметов, Жарасқан Әбдірашевтың рөліне Азамат Қанапия бекітілді. Телехикаяда режиссер Рубикжан Яхин мен комментатор Рабат Жәнібековтің де рөлдері бар.


«Мақсатымыз - қазақ телевизиясына бір кезеңде жұмыла қызмет еткен тұлғалардың еңбегі арқылы бүгінгі буын журналистерге ұлтқа, елге қызмет етудің үлгісін көрсету. Отандық сериалдар тарихында алғаш рет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі әріптестеріміздің ерлігі көрсетіледі. Сол қиын сәттердегі тарихи шындықты жеткізу – біз үшін зор жауапкершілік», - деді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Сериалдың режиссері – Айдын Сахаман, сценарисі – Қанат Рамазан, продюсері Назгүл Қарабалина.


 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы биыл тарихи бағытта бұдан бөлек, 1930 жылдардағы ұлт зиялылары мен қазақ даласындағы алғашқы жоғары оқу орындары мен мәдениет ошақтарының ашылуын көрсететін «Ерте көктем» тарихи сериалы мен «Қорқыт ата» тарихи биографиялық телехикаясын ұсынады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар