«Қазақстан» телерадиокорпорациясы сериал өндірушілермен ашық питчинг өткізді

28.10.2022


«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері ASTANA MEDIA WEEK медиаапталығы аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарды талқылады.

Ашық талқылауға отандық 26 өндіруші компания қатысты. Олардың арасында нарықта кеңінен танымал «Аtlas MGN support», «Sultan Pro», «Dala cinema», «Aray media group», «Сақ дала», «ДС фильм», «KanAidar» компанияларымен бірге жас сериал өндірушілерден құралған «Shekty Film», «Seri production»,«Rais production», «Jaryq production», «Емма production», «j-19» компаниялары бар.

  «Сериал өндірісі бойынша Корпорация жыл сайын аутсорсинг компаниялар арасында 3 айға дейін жалғасатын ашық конкурс ұйымдастырады. Бүгінгі кездесу нәтижесінде 10-ға жуық сериал жобасын екінші кезеңге қабылдадық, оның ішінде жалпы телевизиялық сериал өндірісіне жаңадан қосылса да, тың идеялар ұсынған жас мамандардың жұмыстары бар», - деді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрайымы Ләззат Танысбай.

Корпорацияның 2023 жылғы эфирге шығатын телехикаялар жобасына жарияланған байқау 2022 жылғы 1 қарашаға дейін жалғасады. Ұсыныстар түрлі жанрларда, ал тарихи тұлғалар тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Санжар Асфендияров, Әбілхан Қастеев және тарихта есімі қалған қазақ қыздарының өмірі жайындағы туындылар бойынша қабылдануда.

Ашық питчинг қорытындысы келесі жылғы сериалдар өндірісіне өтінім қабылдау аяқталған уақытта жарияланады.

Ләззат Танысбай, Илхам Ибрагим


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар