Басшылар туралы мәлімет

Директорлар кеңесі

Қарин Ерлан Тынымбайұлы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 17.04.2026 ж. № 194-НҚ шешімі

1976 жылы туған

Азаматтығы: ҚР

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

1996 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді;

999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді;

Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1996 жылдан бастап – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.

1998 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.

2000 жылғы шілдеден бастап – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2002 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі.

2003 жылдан бастап – Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры.

2004 жылғы маусымнан бастап – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.

2006 жылғы мамырдан бастап – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылғы қарашадан бастап – «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы.

2013 жылғы желтоқсаннан бастап – Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры.

2014 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2017 жылғы ақпаннан бастап – «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2019 жылғы сәуірден – 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2020 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 5 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 14 маусымдағы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды.

2026 жылғы 30 маусымдағы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Ысқақов Қанат Жұмабайұлы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 08.12.2023 ж. № 500-НҚ шешімі

Туған жылы: 1982 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м.а.; бас маманы; сарапшысы.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.

2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

2012 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

2021 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы қарашадан бастап 2026 жылғы 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі.


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 31.07.2026 ж. № 370-НҚ бұйрығы

Туған жылы: 1973 ж.

Азаматтығы: ҚР

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясы;

Қазақ гуманитарлық-заң университеті;

Еңбек өтілі:

1995 жылдан бастап 2010 жылдарға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымда қызмет еткен.

2014 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.

2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған.

2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2024 жылдан бастап 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс жасаған.

2026 жылға 2 маусымнан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы.


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Оспанов Ерсайын Ерікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

Тәуелсіз директор (2019 жылғы 31 мамырда сайланған)

Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегиялық жоспарлау комитетінің Төрағасы (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 7 шешімімен сайланған)

1982 жыл 27-ші ақпанда дүниеге келген.

Азаматтығы: ҚР

Білімі:

2001 жыл Солтүстік Қазақстан университетінің колледжін бітірген.

2004 жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

2020 – Warwick Business School (Master of Business Administration)

Білімі бойынша мамандығы – Құқықтану.

Еңбек жолы:

22.05.2013-31.12.2013 - «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры;

06.01.2014-14.01.2015. - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры;

03.02.2014-03.12.2014 - «ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілі»);

15.01.2015-28.02.2017 - «SB Capital» ЖШС Заң департаментінің басқарушы директоры;

21.04.2017-22.09.2017 - «Зерде» ҰИХ» АҚ тәуелсіз директоры;

01.03.2017-22.09.2017 - «Advantage Consulting» ЖШС Бас директоры;

25.09.2017-18.05.2018 - Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор- «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі;

21.05.2018-03.08.2018 - «Documentolog» ЖШС Бас директорының орынбасары;

03.08.2018-05.09.2018 - «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттық кеңсесінің штаттан тыс кеңесшісі;

05.09.2018-05.09.2019 - «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары - құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық іс жүргізу басқармасының бастығы;

2019-2020 – CO/MLRO жеке компаниясы - АХҚО резиденті;

11.01.2021 – 31.03.2022 – «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Басқарушы директоры;

12.12.2021 – қазіргі уақытқа дейін «Barakat Partners Limited» ЖШС Бас директоры;

01.08.2022 – қазіргі уақытқа дейін «Юридическая фирма «К2» ЖШС серіктесі.


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Абаканова Эльнура Әзілханқызы

Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 370-НҚ бұйрығы

Туған жылы: 1983 ж.

Азаматтығы: ҚР

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

2004 - Халықаралық экономика бакалавры

2006 - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар магистрі

2010-2011 Маркетинг саласы ғылымының магистрі, Университет Лестер Университеті (UK)

2017 - Harvard University Жобалық менеджмент бойынша академиялық курс

2024 - Prosci Change Management Practitioner

2025 - Diploma in Company Direction, Institute of Directors (UK)

2025 - Certificate in Company Direction, Institute of Directors (UK)

Қосымша курстар:

Imperial College London, OECD, World Bank

Еңбек өтілі:

2003-2005 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ, XXI ғасыр көшбасшысы тележүргізуші

2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, референт

2007 жылы «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы, «Қазына» ТДҚ

2007-2010 жылдары Қазақстан Даму Банкі Басқарма Төрағасының кеңесшісі

2012-2014 жылдары «Kazakh Invest», Инвестициялар жөніндегі менеджер

2014-2016 жылдары Астана EXPO-2017 Халықаралық қатынастар департаменті Үйлестіруші/Бас менеджер

2016-2019 жылдары Senior Business Development Manager / Astana International Financial Centre (AIFC Authority)

2021-2022 жылдары Communications Officer | Delegation of the European Union to Kazakhstan (Еуро Одақтың 50+ жобасының Қазақстандағы стратегиялық коммуникациясын үйлестіруші)

2022-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сараптамалық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары

2026 жылдан бастап «Qazaq Independent Directors (QID)» Бақылау кеңесінің мүшесі – Атқарушы директоры

02. 2026 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін «Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директоры


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Әбішева Айдана Мақсұтқызы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 370-НҚ бұйрығы

Туған жылы: 1991 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

О. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің түлегі

Экономика бакалавры (BScinEconomics), үздік дипломмен | Манчестер Университеті (Ұлыбритания)

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты

Diplomain Company Direction, Institute of Directors (UK) / Chartered Director (алтыншы және Қазақстандағы ең жас директор мойындалған директор)

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Қосымша курстар мен біліктілікті арттыру:

«Мемлекеттік басқарудағы коучинг» & «Адаптивті көшбасшылық» (ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы)

«ЖОО-лардағы корпоративтік басқарудың ерекшеліктері» (Корпоративтік басқарудың Ұлттық Академиясы (NACG)

«Power of Presence» Rotterdam School of Management, Erasmus University (Нидерланды)

«Инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу», CFA Қауымдастығы (Ресей).

Еңбек өтілі:

10.2012 – 09.2013, «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ, Балама инвестициялар департаментінің талдаушысы

09.2013–07.2015, «Verny Investments Holding» ЖШС, Корпоративтік қаржы департаментінің талдаушысы

2015-2019 жылдары - ERG тобының БИЗНЕС-талдау департаментінің бас менеджері

2019 жылы ENRC NV тобының қазынашылық бақылау менеджері (Амстердам, Нидерланды)

2019-2026 жылдары - ERG Тобының қаржылық комплаенс басшысының орынбасары

2026 жылдың мамыр айынан бастап «Tansar Capital» АҚ Тікелей инвестициялар департаментінің директоры

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директоры

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазтехнология» АҚ («Қазақстан Инжиниринг» АҚ еншілес компаниясы) Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директоры


«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Бурахан Ернұр Көшерханұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы

Туған жылы: 1981 жылы 16 маусым.

Азаматтығы: ҚР.

Еңбек өтілі:

2001-2008 жылдары телеарнада редактор, бас редактор болды.

2007-2011 жылдары «Qazaqstan» Ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор, редактор, шеф-редактор қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.

2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды.

2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың 25 қарашасынан «Қазақ радиолары» серіктестігінің Бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылдың қаңтарынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2025 жылдың қаңтарынан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2025 жылдың 18 тамызынан «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметінде.


«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақша. Ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің ұйымдық құрылымы, олардың басшылары туралы мәліметтер;»

Аймақтық арналар