Директорлар кеңесі
Руслан Желдібай
«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі
1989 жылы Жамбыл облысында туған
Азаматтығы: ҚР
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Алматыда Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған;
2018 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінде жобалық басқару (MSc Programme and Project Management) мамандығы бойынша тәлім алған;
«Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек өтілі:
2012 жылы «Qazaqstan» телеарнасында редактор болып бастаған;
2012-2018 жж – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
2018-2019 жж – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а, басшысы;
2019-2020 жж – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
2020 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды;
2022 жылдан бастап ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы.
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Ысқақов Қанат Жұмабайұлы
«Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 08.12.2023 ж. № 500-НҚ шешімі
Туған жылы: 1982 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м.а.; бас маманы; сарапшысы.
2009 жылғы ақпан-қараша аралығында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.
2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.
2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.
2012 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.
2021 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
тәуелсіз директор
Туған жылы: 27.5.1937
Азаматтығы: ҚР
Білімі:
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті, 1960 ж.
Жұмыс тәжірибесі:
1960-1977 жылдар аралығында ҚазҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті болған.
1974 жылы ҚазҰУ филология факультетінің деканы болып сайланды.
1977–87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры болды.
1988–90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі
1987–88 жылдары Қазақ ССР оқу министрі болды.
1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі
1991–93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің кеңесшісі.
1993–97 жылдары (басқа деректер бойынша 1996 жылға дейін) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
1997–2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметін атқарды.
2000-2004 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.
2004-2006 жылдары «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі.
2005 жылы «Еуразиялық ғалымдар одағы Қоғамдық қорының директоры болды.
2006 жылы Президент мәдени орталығының директоры болып тағайындалды.
2012 жылдан ҚазҰӨУ-де Қорқыт мұрасын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын басқарады.
Оспанов Ерсайын Ерікұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
тәуелсіз директор
1982 жыл 27-ші ақпанда дүниеге келген.
Азаматтығы: ҚР
Білімі:
2001 жыл Солтүстік Қазақстан университетінің колледжін бітірген.
2004 жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
2020 – Warwick Business School (Master of Business Administration)
Білімі бойынша мамандығы – Құқықтану.
Еңбек жолы:
22.05.2013-31.12.2013 - «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры;
06.01.2014-14.01.2015. - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры;
03.02.2014-03.12.2014 - «ТДҰА» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілі»);
15.01.2015-28.02.2017 - «SB Capital» ЖШС Заң департаментінің басқарушы директоры;
21.04.2017-22.09.2017 - «Зерде» ҰИХ» АҚ тәуелсіз директоры;
01.03.2017-22.09.2017 - «Advantage Consulting» ЖШС Бас директоры;
25.09.2017-18.05.2018 - Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор- «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі;
21.05.2018-03.08.2018 - «Documentolog» ЖШС Бас директорының орынбасары;
03.08.2018-05.09.2018 - «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттық кеңсесінің штаттан тыс кеңесшісі;
05.09.2018-05.09.2019 - «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары - құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық іс жүргізу басқармасының бастығы;
2019-2020 – CO/MLRO жеке компаниясы - АХҚО резиденті;
11.01.2021 – 31.03.2022 – «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Басқарушы директоры;
12.12.2021 – қазіргі уақытқа дейін «Barakat Partners Limited» ЖШС Бас директоры;
01.08.2022 – қазіргі уақытқа дейін «Юридическая фирма «К2» ЖШС серіктесі
Нұрахметов Саят Ермаханұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
тәуелсіз директор
Директорлар кеңесінің құрамына сайланған күні: Жалғыз акционердің 25.07.2022 ж. № 277 шешімі
1976 жылы 28-ші қыркүйекте дүниеге келген.
Азаматтығы: ҚР
Білімі:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Ғылыми дәрежесі:
Экономика ғылымдарының кандидаты
Еңбек жолы:
1998–2001 жж – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің аспиранты
2002–2003 — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Жастар саясаты департаментінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар бөлімінің бастығы
2003–2004 ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы басқармасының экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы
2005-2006 — «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы.
2007-2008 жж - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары
2008-2011 – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының қаржы және даму жөніндегі орынбасары.
2014 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Телерадио хабарларын тарату операторлары қауымдастығы» ЗТБ Президенті.
2021 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін «ASTGroupCapital» ЖШС Бас директоры.
Танысбай Ләззат Мұратқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі
«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы
Туған жылы: 1973 жыл, 11 қазан.
Азаматтығы: ҚР.
Білімі:
Алматы халықаралық журналистика институты. Халықаралық бизнес университетінде МВА дәрежесін алған.
Еңбек өтілі:
1993 ж. – Қазақстан Мемлекеттік телевидениясының репортері, жүргізуші, редакторы.
1996 ж. – «Хабар» агенттігінің редактор-жүргізушісі, атқарушы продюсері.
2002 ж. – ҚР Президент Әкімшілігі баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бас инспекторы.
2005-2008 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
2008-2011 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2011 ж. – ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі.
2012 ж. – «Астана» телеарнасының бас директоры.
2018 ж. – «Нұр Медиа» холдингінің басшысы.
2019 ж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015), Қазақстан журналистикасы мен ұлттық телевидениясының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат саласындағы жүлдесін иеленген (2018).
Басқарма басшылығы
Танысбай Ләззат Мұратқызы
Басқарма Төрайымы
1973 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылында дүниеге келген.
Шынар Ихсанғалиева
Басқарма Төрайымының орынбасары
1974 жылы 20 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген.
Азамат Кеңесұлы
Басқарма Төрайымының орынбасары
1977 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келген.
Ахметова Дана Абибуллақызы
Басқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары
1979 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.