Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2022 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама


2021 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама


2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген.

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының 2017 жылғы 31 наурыздағы №91 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды және 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілді.

Жұмыс тобының кестесіне сәйкес келесі құрылымдық бөлімшелер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Kazsport» және «Балапан» телеарналары, Өндірістік орталық, Эфирлік саясат дирекциясы, Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы.

«Qazaqstan» ҰТА ережесін зерттеу барысында телеарнаның қызметін қозғайтын 16 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Сонымен қатар, телеарнаның тікелей жұмысымен байланысты «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасымен 2014 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген «Қазақстан» РТРК» АҚ көркемдік кеңесі туралы ережесіне зерттеу және талдау жасалынды. Ережеге сәйкес, аудиовизуалдық шығармаларды сатып алу, аудиовизуалдық шығармаларды жасау және сатып алу бойынша қызмет көрсету үшін әлеуетті орындаушыларды іріктеу, бірігіп өнімді жасау көркемдік кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Көркемдік кеңестің құрамы Корпорацияның Басқарма төрағасымен бекітіледі. Бұл ретте, барлық әлеуетті сатып алынатын аудиовизуалдық шығармалар Корпорацияның Сараптау тобының қатысуымен мұқият кезең-кезеңмен іріктеуден өтеді. Осылайша, аудиовизуалдық шығармаларды сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларға жол берілмейді. 

Телеарнаның ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде телеарнаның штат саны 206 бірлікті құрды.

Тұрақсыздық - 19 бірлікті құрды (13 – еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды, 4 – қысқарту, 2 – зейнетке шығу).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. телеарна мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. телеарнада рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. телеарнада бақылау атқарымдары жоқ.

Телеарна қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан телеарна атына жүгінулер түскен жоқ.

Телеарна қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. Телеарна қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

«Qazsport» телеарнасы

«Qazsport» телеарнасының ережесін зерттеу барысында телеарнаның қызметін қозғайтын 22 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Спорттық бағдарламаларды сатып алу «Қазақстан» РТРК» АҚ көркемдік кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, телеарнамен спорттық бағдарламалар кестесі құрылады және құрамы Корпорацияның Басқарма төрағасымен бекітілетін көркемдік кеңестің қарауына ұсынылады. Көркемдік кеңестің шешімі негізінде, телеарна спорттық бағдарламаларды пайдалануға арналған мүліктік құқытарды сатып алу туралы шартты жасау бойынша шараларды қабылдайды. Осыған байланысты, телеарна қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларға жол берілмейді. 

Телеарнаның ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде телеарнаның штат саны 63 бірлікті құрды.

Тұрақсыздық - 5 бірлікті құрды (еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. телеарна мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. телеарнада рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. телеарнада бақылау атқарымдары жоқ.

Телеарна қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан телеарна атына жүгінулер түскен жоқ.

Телеарна қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. Телеарна қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

«bаlаpан» телеарнасы.

«balapan» телеарнасының ережесін зерттеу барысында телеарнаның қызметін қозғайтын 22 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

Теледидарлық жобалардың іріктеуі конкурс негізінде жүзеге асырылады. Әлеуетті орындаушыларды іріктеу тәртібі және контентті сатып алу «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасымен 2016 жылғы 28 қарашада бекітілген «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарнасы үшін теледидарлық жобаларды іріктеу бойынша регламентпен анықталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайларға жол берілмейді.

Телеарнаның ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде телеарнаның штат саны 10 бірлікті құрды.

Тұрақсыздық - 3 бірлікті құрды (еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. телеарна мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. телеарнада рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. телеарнада бақылау атқарымдары жоқ.

Телеарна қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан телеарна атына шағымдар түскен жоқ.

Телеарна қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. Телеарна қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

Өндірістік орталық.

Өндірістік орталықтың (бұдан әрі - ӨО) ережесін зерттеу барысында ӨО қызметін қозғайтын 12 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

ӨО ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде ӨО штат саны 95 бірлікті құрды.

Тұрақсыздық - 6 бірлікті құрды (еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. ӨО мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. ӨО рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. ӨО бақылау атқарымдары жоқ.

ӨО қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан ӨО атына шағымдар түскен жоқ.

ӨО қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. ӨО қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

Эфирлік саясат дирекциясы.

Эфирлік саясат дирекциясының (бұдан әрі - ЭСД) ережесін зерттеу барысында ЭСД қызметін қозғайтын 8 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

ЭСД ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде ЭСД штат саны 88 бірлікті құрды. Тұрақсыздық  - 9 бірлікті құрды (еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды және бір шарт оның әрекет ету мерзімі аяқталғандықтан бұзылды).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. ЭСД мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. ЭСД рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. ЭСД бақылау атқарымдары жоқ.

ЭСД қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан ЭСД атына шағымдар түскен жоқ.

ЭСД қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. ЭСД қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы.

АХДД ережесін зерттеу барысында АХДД қызметін қозғайтын 12 атқарымға және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, эфирге бағдарламаларды әзірлеу және рәсімдеу бойынша технологиялық ережелер) талдау жасалынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.

АХДД ұйымдастырушылық-басқару қызметінде 2017 жылдың өткен кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген: 

  1. персоналды басқару, соның ішінде кадр тұрақсыздығы;

2017 жылғы 01 шілдеде АХДД штат саны 13 бірлікті құрды. Тұрақсыздық  - 2 бірлікті құрды (еңбек шарттар қызметкердің бастамасы бойынша бұзылды).

  1. мүдделер қайшылығы фактілері анықталған жоқ;
  2. бөлімше мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді;
  3. бөлімше рұқсат етілетін атқарымдар жоқ;
  4. бөлімше бақылау атқарымдары жоқ.

АХДД қызметкерлерінің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өзінің құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын қандай болса да заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) анықталған жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан АХДД атына жүгінулер түскен жоқ.

АХДД қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ. АХДД қызметкерлерімен іскерлік этика және журналистер этикасының кодексі сақталуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарғысын іске асыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 2017 жылғы 16 наурыздағы №95 бұйрығымен «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ-нда  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 31 наурыздағы №91 және «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы теуекелдерді бекіту туралы» бұйрықтар шығарылған болатын.

Көрсетілген бұйрықтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау бойынша жұмыс тобы құрылды, жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізудің кестесі бекітілді, Корпорация қызметкерлерінің өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру барысында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары бекітілді, олар Корпорацияның ресми интернет-ресурсында орналастырылды.  Корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинарға қатысты. Болашақта «Нұр Отан» ХДП құрылымдық бөлімшелерімен өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға арналған акцияларға және науқандарға қатысу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Корпорация құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз материалдарға реакциянның мониторингін жүзеге асыру, Корпорация туралы ақпаратты сайтта уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың айдарларын жаңарту ұсынылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс топ «Қазақстан» ұлттық телеарнаның, «Kazsport» және «Балапан» телеарналарының, Өндірістік орталықтың, Эфирлік саясат дирекциясының, Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің анықталмағаны туралы қорытындыға келді.


Аймақтық арналар