Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі - Астана

Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі

Құрылымдық бөлімше: Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Білімі - жоғары, жұмыс өтілі - мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 2 (екі) жылдан кем емес.

Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлейді және оларға өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.

Қоғамның ішкі құжаттарына сараптама жүргізеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық сипаттағы қоғамның ішкі нормативтік актілерінің жобаларына заң сараптамасын жүргізеді.

Қоғам қызметінде туындайтын авторлық және сабақтас құқықтарға байланысты даулар бойынша талап-арыз жұмысын жүзеге асырады. Келіп түскен шағымдарды қарайды және оларға жауаптар дайындайды.

Қоғамның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен рұқсаттарды алу үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының соттарында қоғамның мүдделерін білдіреді, атқарушылық іс жүргізуді қозғау және оны одан әрі жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

Қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу шеңберінде қоғамның мүдделерін білдіреді.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін жүргізу кезінде қоғамның мүдделерін білдіреді.

Қоғам қызметкерлеріне құқықтық кеңес береді, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттер шегінде Қоғам қызметіне қатысты құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмек көрсетеді.

Контрагенттермен уақтылы шарт жасасуды қамтамасыз етеді.

Лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өзге де міндеттерді орындайды.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар