Құрылымдық бөлімше: Басқарма
Біліктілік талаптары:
«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика ғылымдары», «Психология» мамандықтары тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар.
Еңбек өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4
• Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша Корпорация қызметінің жекелеген жедел және перспективті мәселелері бойынша ақпарат, анықтамалар, рефераттар мен баяндамалар дайындайды;
• Басқарма Төрағасы бұйрықтарының, тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
• Басқарма Төрағасына келісуге енгізілмес бұрын құрылымдық бөлімшелер дайындаған бұйрықтар мен құжаттардың жобаларын жоғары тұрған органдардың және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
• Департамент директорлары мен жауапты орындаушылардан Басқарма Төрағасына қажетті анықтамалар мен басқа да материалдарды, сондай-ақ Басқарма Төрағасы бұйрықтарының, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты талап етеді;
• Орындалуын бақылауды талап ететін Басқарма Төрағасының тапсырмаларын, бұйрықтарын есепке алады;
• Құжатайналым жүйесін жақсартудыжәне құжаттардың өтуін бақылау әдістемелерін, басқарудың техникалық жабдықтары бойынша іс-шаралар әзірлеуге қатысады;
• Басқарма Төрағасының қатысуымен өтетін кездесулер мен іс-шаралардың хаттамалық және ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз етуді қадағалайды;
• Құпия ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
• Делегациялардың қабылдауын және іскерлік кездесулерді ұйымдастырады.