Құрылымдық бөлімше: Қаржылық қамтамасыз ету департаменті
Біліктілік талаптары:
Жоғары кәсіптік (экономикалық немесе инженерлік-экономикалық) білім және қаржы-экономикалық саладағы мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы қажет.
Еңбек өтілі: 3 жыл
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана қ., Қонаев көш, 4
Нарықтың қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған корпорацияда экономикалық жоспарлау бойынша жұмысты жүзеге асыру, корпорация жұмысының барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану.
* Корпорацияның экономикалық қызметі мен басқару жүйесін нарық жағдайында өзгеретін сыртқы және ішкі экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатында өңірлік филиалдарының стратегиясын әзірлеуге қатысады.
* Копорацияның өңірлік филиалдарының өндірістік және қаржылық қызметінің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кешенді жоспарларын жасауға қатысады, олардың барлық бөлімдерін келіседі және өзара байланыстырады.
* Жоспарлы тапсырмаларды корпорацияның өңірлік филиалдарына жеткізуді қамтамасыз етеді.
* Материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті жоспарлы техникалық-экономикалық нормативтерін әзірлеуді ұйымдастыруға, өнімнің нормативтік калькуляциясын және оларға ағымдағы өзгерістер енгізуді бақылауды, өнімнің сметалық калькуляциясын жасауға қатысу.