Басқарма Төрағасының орынбасары - Астана

Басқарма Төрағасының орынбасары

Құрылымдық бөлімше: Басқарма

Біліктілік талаптары:

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, баскару және құқық», «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» мамандықтары тобы бойынша жоғары білімі;

тиісті салада, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Еңбек өтілі: 5 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

• Корпорацияның Директорлар кеңесі бекіткен ұйымдық құрылымға сәйкес құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жетекшілік етеді;

• жетекшілік ететін телеарналар саясатын анықтауды және хабар таратудың шығармашылық тұжырымдамасын қалыптастыруды жүзеге асырады;

• Корпорацияның эфирлік хабар тарату бойынша өндірістік қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады және үйлестіреді, сондай-ақ, жетекшілік ететін телеарналар шеңберінде телебағдарлама өндірісін ұйымдастыруды және оны бақылауды қамтамасыз етеді; 

• Корпорацияның диджитал, анонс, дубляж, дистрибуция және сатып алу, телехикаялар өндірісі қызметтерін жедел басқаруды жүзеге асырады және үйлестіреді, сондай-ақ, жетекшілік ететін құрылымдар шеңберінде өндірісті ұйымдастыруды және оны бақылауды қамтамасыз етеді;

• бекітілген ұйымдық құрылым аясында құзыреттері және жетекшілік ететін құрылым бөлімшелері шегінде Корпорацияның Даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыруды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; 

• Корпорация атынан қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуды жүзеге асырады;

• жетекшілік ететін телеарналар шеңберінде телеөнім өндірудің шығармашылық-өндірістік үдерісіне байланысты мәселелер бойынша Корпорация журналистерінің жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және олардың жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады;

• телебағдарламалар мазмұнының қолданыстағы заңнаманың талаптарына, тұтастай алғанда Корпорацияның эфирлік тұжырымдамасына сәйкес келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзінің құзыреті шеңберінде телерадиобағдарламалар өндірісінің шығармашылық-өндірістік үдерісіне бақылауды қамтамасыз етеді.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар