Құрылымдық бөлімше: «Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясы
Біліктілік талаптары:
Жоғары кәсіби білім;
БАҚ саласында н/е сабақтас мамандықтарда кемінде 2 жыл.
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Жетекшілік ететін телевизиялық жобаны құруға және оны ұйымдастыруға жағдай жасайды, сондай-ақ оның үздіксіз эфирге шығарылуын ұйымдастырады;
БАҚ-та жетекшілік ететін телевизиялық жобаны жылжыту бойынша шаралар қабылдайды;
Телевизиялық жобаның тақырыптық медиа-жоспарын бекітеді;
Жетекшімен бірге тақырыптық немесе сценарийлік жоспарды бекітеді және жазады;
Өндірісті жоспарлау, сценарий сапасын жақсарту, монтаждау және т.б. жұмыстарға қатысады;
Жетекшілік ететін жобаның жұмыс нәтижелеріне сараптама жасайды, түсірілім процесінің бұзылу және жоба сапасының төмендеу себептерін талдайды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
Жобаның форматын әзірлейді, демеушілерді, бағдарлама серіктестерін іздейді;
Жобаны құру үшін техникалық және бюджеттік сметаларды жасайды.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.