Коммерциялық қызмет бөлімінің баc менеджері - Астана

Коммерциялық қызмет бөлімінің баc менеджері

Құрылымдық бөлімше: Коммерциялық қызмет бөлімі

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қызметкер мыналарға:

Бәсекелестік орта мен тұтастай экономика негізінде бейне және аудио материалдарды орналастыруға арналған Корпорацияның прайс-парақтарын әзірлеуге;

Таңдалған аудиторияның медиа қалауына талдау жасауға;

Негізгі тауар топтарының әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары мен тұтынуы бойынша қажетті мақсатты аудиторияны анықтауға;

Жарнамалық компаниялардың жобаларын (теледидар, радио, интернет-жарнама, өзге де бұқаралық ақпарат құралдары, сыртқы жарнама және т.б.) әзірлеуге;

Корпорацияның қызметін қолдау және дамыту үшін қажетті жарнаманы сатудың бюджетте белгіленген деңгейін қамтамасыз етуге;

Жарнаманы орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, телеарналардың, Web сайттардың және өзге де ақпараттық алаңдардың рейтингтерін талдауды жүзеге асыруға;

 Жарнаманы орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, телеарналардың, веб-сайттардың және өзге де ақпараттық алаңдардың аудиторияларының ерекшеліктерін зерттеуге;

Корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің эфирінде жарнамалық материалдарды орналастыру кезінде коммерциялық қызмет департаментінің директорымен жарнаманың құны мен жеңілдіктер мөлшерімен келісуді жүзеге асыруға;

Жарнама берушілерді барлық қолжетімді құралдармен іздеу үшін әдістерді әзірлеуге және іздеуді жүзеге асыруға (компанияға өзінің баруы, телефон арқылы сөйлесу, көрмелерге қатысу және т.б.);

Бірнеше нұсқада медиа-жоспар жасауға, ұйым басшылығына немесе клиент өкілдеріне медиа-жоспардың тұсаукесерін жүзеге асыруға, оны негіздеуге;

Жарнама туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мәмілелерді бақылауды жүзеге асыруға (заңнама талаптарына сәйкес теле және радиоматериалды пысықтауға);

Жасалған шарттар бойынша уақтылы төлеуді бақылауды жүзеге асыруға;

Басшылықтың ескертулері мен ұсыныстары негізінде медиа жоспарға түзетулер енгізуге, жарнамалық бюджетті бөлуді жүзеге асыруға;

Жарнамалық науқанның тиімділігін талдауға;

Клиенттер үшін Корпорация қызметтерінің тұсаукесерлерін өткізуге;

Директордың өзге де тапсырмаларын орындауға.







Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар