«Abaı TV» телеарнасының продюсер-редакторы - Астана

«Abaı TV» телеарнасының продюсер-редакторы

Құрылымдық бөлімше: «Abaı TV» телеарнасы

Біліктілік талаптары:

«Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Экономика және бизнес», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Білім» бағыттарының бірі бойынша жоғары білім.

Еңбек өтілі – телевизия, мәдениет немесе сабақтас салалардағы мамандығы бойынша кемінде 2 жыл.



Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Телевизиялық (радио) хабарларды өндіру және эфирге шығару жұмыстарын ұйымдастырады, олардың жоғары шығармашылық деңгейін және мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Шығармашылық бірлестіктердің, бас редакция мен студиялардың ағымдағы және жедел жоспарларын, хабар тарату күнін, апталық бағдарламаларды қалыптастыруға, сондай-ақ тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысады.

Телевизиялық жобаны іске асыру жоспарын әзірлеуге қатысады.

Жетекшілік ететін телевизиялық жобаға қажетті жағдайлар жасап, оның эфирге үздіксіз шығуын ұйымдастырады.

Жетекшілік ететін телевизиялық жобаны бұқаралық ақпарат құралдарында PR-ілгерілету бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

Сценарийдің, монтаждың және өзге де өндірістік үдерістердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ өндірісті жоспарлау жұмыстарына қатысады.

Жетекшілік ететін жобаның айлық нәтижелерін, түсірілім үдерісінде орын алған кемшіліктерді және жоба сапасының төмендеуіне әсер еткен себептерді талдайды. Анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және оларды енгізуге қатысады.

Жетекшілік ететін жоба бойынша қызметтік іссапарлар мен түсірілім кестелерінің жоспарларын әзірлейді.

Телеарнаға жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар