Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы - Астана

Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы

Құрылымдық бөлімше: Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім

Жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 5/2

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Есеп айырысу шоттары бойынша банк құжаттарының көшірмелерін 1С: Бухгалтерия бағдарламасында өңдеу және бухгалтерлік есеп шоттарына енгізу.

Төлем тапсырмаларын дайындау, контрагенттердің банктік деректемелерінің дұрыстығы мен сәйкестігін бақылау және оларды «Банк-Клиент» жүйесі арқылы банкке жіберу.

Банк мекемелерінен қажетті анықтамаларды, хаттарды, растауларды және өзге де құжаттарды алу.

Міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмыстарды орындау, өзіне бекітілген бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша бастапқы құжаттарды қабылдау және тексеру, оларды өңдеуге дайындау, сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.

Басшылықтың немесе жоғары тұрған органдардың сұрауы бойынша толық әрі шынайы ақпаратты уақытылы дайындау және ұсыну.

Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау және оларды архивке өткізу үшін рәсімдеу.

Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты түрде арттыру.

Бөлім қызметі шеңберінде өз құзыреті аясындағы өзге де жұмыстарды орындау және басшылықтың тапсырмаларын орындау.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар