Диджитал департаменті промо редакциясының веб-редакторы - Астана

Диджитал департаменті промо редакциясының веб-редакторы

Құрылымдық бөлімше: Диджитал департаменті промо редакция

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім

Жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 1 жылдан аз емес

Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама, авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасы, сондай-ақ Корпорация Жарғысы, оның ішкі нормативтік актілері мен әдістемелік құжаттары негізінде әлеуметтік желілерде Корпорацияның телевизиялық өнімдерін ақпараттық сүйемелдеуге қатысады.

Мемлекет басшысының, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, өзге де орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметін жариялау бойынша сайт пен әлеуметтік желілерге арналған материалдарды дайындайды, сондай-ақ эфирге шықпаған жедел ақпараттарды дайындауды және уақтылы таратуды жүзеге асырады.

Өз құзыреті шегінде интернет-портал аудиториясын дамытуға және кеңейтуге ықпал етеді.

Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.

Әлеуметтік желілерде Корпорация қызметіне қатысты ақпараттарды жариялайды, сайтта орналастырылған материалдармен бөліседі, сондай-ақ интернет-порталдарда жарияланған жаңалықтарды өңдейді.

Әлеуметтік және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы тақырыптық материалдарды олардың форматына сәйкес бейімдейді, оларды ресми сайтта және әлеуметтік желілерде орналастырады, сондай-ақ оларға жазылған пікірлерге мониторинг жүргізеді.

Лауазымдық міндеттері аясында жоспарлы түрде күнделікті, апталық, айлық және жылдық есептерді дайындайды.

Материалдардың бастапқы дереккөздерге дәл сәйкестігін қамтамасыз етеді, екіұшты мәтіндердің немесе публицистикалық стиль талаптарына сәйкес келмейтін материалдардың жариялануына жол бермеуді бақылайды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар