Құрылымдық бөлімше: Өндірістік орталық
Біліктілік талаптары:
Жоғары техникалық немесе педагогикалық немесе гуманитарлық немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы білімі және кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Орта техникалық, кәсіптік білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Тележобаларды, кино-, теле-, бейнефильмдерді, барлық түрлері мен жанрларындағы телерадио бағдарламаларды монтаждау бойынша жұмыстардың толық кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған күнтізбелік-қойылым жоспарда (монтаждау өтінімінде) көзделген мерзімдерді, сондай-ақ қолданыстағы техникалық нормативтерді сақтайды.
Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалардың көркемдік-техникалық сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Монтаждалған бағдарламаның соңғы нұсқасын қарайды.
Монтаждау жабдықтарына техникалық профилактика жүргізеді (ай сайын).
Корпорацияның техникалық құрылымдық бөлімшелерімен тікелей байланыс орнатады және қолдайды.
Монтаждау басталғанға дейін жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуы бойынша міндеттемелерді орындайды.
Өзінің функционалдық міндеттері шегінде Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.