Құрылымдық бөлімше: «Balapan» телеарнасы
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Қызметкер міндетті:
* Сценарийге сәйкес жоғары сапалы телевизиялық өнімді қамтамасыз етуге;
* Эфирдің күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес неғұрлым күрделі және жауапты телевизиялық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асыруға;
* Жаңадан құрылатын айдарлар мен хабарлар циклдері үшін тың бағыттарды әзірлеуге;
* Телевизиялық бағдарламаларға қатысушыларды іріктеуді ұйымдастыруға;
* Сценарийлік материалдардың түсірілім тобына уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етуге;
* Телевизиялық бағдарламалардың жүргізушілерімен жұмыс істеуге, олардың эфирге шығатын мәтіндерін бақылауға және бекітуге;
* Тақырыптық бағыттар бойынша деректер базасын жүйелеуге және толықтыруға;
* Телеарна қызметі шеңберінде директордың тапсырмаларын орындауға;
* Жұмыс берушінің медиажобаларын насихаттау және ілгерілету, рейтингті арттыру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттік тұтастықты, азаматтық қоғамды қолдау, әлеуметтік, ұлттық және өзге де араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттердің алдын алу мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша өзінің әлеуметтік желілерінде, оның ішінде Instagram, VK, YouTube және өзге де платформаларда Жұмыс беруші қызметіне байланысты қойылған міндеттерге қол жеткізуге, оң қоғамдық пікір қалыптастыруға және (немесе) қоғамдық келісімді, саналы көзқарасты, дұрыс түсінік пен шешім қабылдауды дәріптеуге ықпал ететін бейне-, аудиовизуалды шығармаларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастыруға;
* Әлеуметтік желілерде кез келген ақпаратты, пікірлерді және (немесе) материалдарды жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтауға, оң немесе бейтарап ұстанымды ұстануға. Егер ақпарат, пікірлер және (немесе) материалдар бұқаралық ақпарат құралдарына, Жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, олар аталған субъектілердің оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы және олардың имиджі мен беделіне қауіп төндірмеуі тиіс;
* Әлеуметтік желілерде (өз аккаунттарында) елде болып жатқан оқиғаларға теріс көзқарас қалыптастыруға және насихаттауға бағытталған не Жұмыс беруші мен оған тиесілі бұқаралық ақпарат құралдарының имиджіне және (немесе) беделіне қауіп төндіретін ақпаратты жарияламауға;
* Эфирге шығатын жаңалықтарға қатысты фото- және бейнематериалдарды (әріптестер дайындаған сюжеттерді, журналистік зерттеулерді, сараптамалық материалдарды, сұхбаттарды және т.б.) өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастыруға және ілгерілетуге.