ӨО Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің бейнеинженері - Астана

ӨО Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің бейнеинженері

Құрылымдық бөлімше: ӨО Техникалық қамтамасыз ету департаменті

Біліктілік талаптары:

Жоғары

Еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Бейнеинженер:

— Түсірілім нысанын немесе тікелей эфирді жұмысқа дайындау кезінде шығармашылық бөлімшелерден түскен техникалық талаптар мен өтінімдерге сәйкес негізгі және қосымша техникалық жабдықтардың толықтығын тексереді;

— Студиядан тыс жазбаларға немесе трансляцияларға дайындық кезінде түсірілім жабдықтарын орнатады;

— Шығармашылық персоналмен келісілген мерзімде трактілерді, жазбаларды және тікелей эфирлерді өткізу үшін кешеннің толық дайындығын қамтамасыз етеді, соның ішінде бейне және дыбыс трактілерін, сондай-ақ сыртқы қосылу желілерін толық баптау мен тексеруді жүзеге асырады;

— Репетициялар, жазбалар және тікелей эфирлер кезінде сигнал параметрлерінің үздіксіз бақылауын қамтамасыз етеді;

— Жазба немесе тікелей эфир аяқталғаннан кейін кешенді жинақтайды, пайдаланылған жабдықтардың толықтығын тексереді және оларды тасымалдауға дайындайды;

— Жабдықтардың уақтылы әрі сапалы техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

— Сигнал параметрлерін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді;

— Жабдықтарды жұмысқа уақтылы дайындайды және жабдықтардың негізгі параметрлеріне бақылау өлшемдерін жүргізеді;

— Жабдықтардың жұмысын бақылайды, теледидарлық және дыбыстық сигналдарға қатысты МЕМСТ және өзге де нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалық-режиссерлік персоналдың қажетті коммутациялар, ауыстырып қосулар мен жалғаулар бойынша жедел талаптарын орындайды;

— Бағдарламалық-режиссерлік персоналмен бірлесіп резервтік жабдықтар мен арналарға ауысуды қамтамасыз етеді, апаттық жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерінің мәжбүрлі шектеулерін айқындайды және бұл туралы бағдарламалық-режиссерлік персоналды хабардар етеді;

— Телевизиялық жабдықтардың ақауларына жедел әрекет етеді және оларды уақтылы жояды;

— Телевизиялық жабдықтардың ақауларының себептерін анықтайды, істен шыққан блокты белгілейді және қажет болған жағдайда резервтік жабдықтарға ауысады;

— Техникалық құралдардың жүктеме кестесін сақтайды;

— Телевизиялық жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, лауазымдық, пайдалану-техникалық және технологиялық нұсқаулықтарды, сондай-ақ өзге де нормативтік құжаттарды зерделейді және сақтайды;

— Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық құжаттама талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді орындайды;

— Өзінің функционалдық міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды;

— Еңбек тәртібін, Корпорацияның ішкі тәртіп қағидаларын және осы ЛН талаптарын сақтайды, Корпорацияның бұйрықтары мен өкімдерін орындайды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар