Құрылымдық бөлімше: ӨО Визаж және имидж қызметі
Біліктілік талаптары:
Жоғары
Еңбек өтілі 1 жылдан кем емес
Еңбек өтілі: 1 жылдан аз емес
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Қызметкер:
Бағдарлама жүргізушілері мен қонақтарына телевизиялық грим жасауды жүзеге асырады;
Бағдарламалардың жанрларына сәйкес, жүргізушілердің сыртқы ерекшеліктерін ескере отырып, шашты үлгілеу және бекітуге арналған заманауи парфюмерлік-косметикалық құралдар мен құрал-саймандарды (фен, плойка, қысқыштар) қолдану арқылы шаш үлгілерін модельдейді;
Белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істейді;
Еңбекті қорғау қағидаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауға міндетті;
Жұмыс берушінің медиажобаларын танымал ету және ілгерілету, рейтингті арттыру, өзекті мәселелерді жариялау, сондай-ақ мемлекеттік тұтастықты, азаматтық қоғамды қолдау, әлеуметтік, ұлттық және өзге де араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттердің алдын алу мақсатында Жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша Instagram, VK, YouTube және басқа да әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында Жұмыс берушінің қызметіне байланысты қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететін, қоғамда оң пікір қалыптастыратын және/немесе бейбітшілікке, саналы көзқарасқа, дұрыс түсінікке, шешімдер мен әрекеттер қабылдауға үндейтін бейне-, аудиовизуалды туындыларды, сюжеттерді және өзге де материалдарды орналастырады;
Әлеуметтік желілерде кез келген ақпаратты, пікірлерді және/немесе материалдарды орналастыру кезінде кәсіби этиканы сақтап, пікір білдіруде оң немесе бейтарап ұстанымды ұстанады. Егер ақпарат, пікірлер және/немесе материалдар БАҚ-қа, Жалғыз акционерге, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, олар аталған тұлғалардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы және олардың имиджі мен беделіне қауіп төндірмеуі тиіс;
Жұмыс берушінің бірінші талабы бойынша әлеуметтік желілерде (өз аккаунттарында) елде болып жатқан оқиғаларға қатысты теріс көзқарасты насихаттауға және қалыптастыруға бағытталған немесе Жұмыс беруші мен оған тиесілі БАҚ-тың имиджіне және/немесе беделіне қауіп төндіретін ақпаратты орналастырады;
Эфирге шығатын жаңалықтарға қатысты фото-, бейнематериалдарды (әріптестер дайындаған сюжеттер, журналистік зерттеулер, сараптамалық материалдар, сұхбаттар және т.б.) өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап, ілгерілетеді;
Қызмет аясындағы басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.