Құрылымдық бөлімше: Таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары
Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем емес
Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Графикалық жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын және кәсіби бағдарламаларды меңгеру. VizRT жүйесінде 2D және 3D графика жасау. 3D MAX және Adobe After Effects бағдарламаларын анимация мен модельдеу үшін пайдалану. Adobe Photoshop (растр), Adobe Illustrator және/немесе Corel Draw (вектор) бағдарламаларымен жұмыс істеу.
Эфирдегі операциялық жұмыс: жұмыс күні ішінде кез келген уақытта сценарист немесе режиссердің сұранысы бойынша графика жасау. Әрбір нақты сюжет тақырыбы мен форматын ескере отырып безендіруді (кескіндеме) әзірлеу.
Регламенттерді сақтау: ішкі тәртіп ережелері мен Іскерлік этика кодексін білу және сақтау. Қызметкердің құқықтарын бұзбайтын басшылықтың қосымша тапсырмаларын орындау. «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы өткізу режимі мен қауіпсіздік ережелерін сақтау.