«Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясының продюсер-әкімшісі - Астана

«Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясының продюсер-әкімшісі

Құрылымдық бөлімше: «Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар өндірісі дирекциясы

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Эфир қонақтарымен жұмыс.

Таңдау және келісу: Қонақтарды алдын ала іріктеу және бекітілген тізімді жоба жетекшісімен келісу.

Шақыру: Қонақтарды уақтылы шақыру, шақыру хаттарын, хабарламаларды жолдау және растау қоңырауларын жүзеге асыру.

Ақпараттандыру: Эфирге дейін қонақтармен байланыста болып, бағдарлама уақыты, өтетін орны, тақырыбы және форматы туралы толық ақпарат беру.

Логистика: Қонақтардың уақтылы келуін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда олардың логистикасын (көлік, қарсы алу, сүйемелдеу) ұйымдастыру.

Қабылдау: Эфир алдындағы қонақтарды қарсы алу және оларды грим бөлмелеріне және дайындық бөлмелеріне орналастыру.

Брифинг: Эфир алдында қысқаша нұсқама жүргізу – сұрақтарды, тақырып шеңберін, этиканы және сөйлеу регламентін түсіндіру.

Мерзімдер: Қонақтар тізімін бекіту және оларды толық ақпаратпен қамтамасыз ету, мүмкіндігінше эфирге дейін кемінде 10 сағат бұрын.

Түсірілім процесіне қатысу

Дайындық: Жұмыс уақыты ішінде барлық дайындық және түсірілім процестеріне қатысу.

Талқылау: Тақырыптарды талқылауға қатысу және қонақ кандидатураларын ұсыну.

Бақылау: Бағдарлама түсірілімінің барысын студияда да, сыртқы локацияларда да қадағалау.

Тапсырмалар: Басшылықтың және жоба жетекшісінің тапсырмаларын уақтылы орындау.

Корпоративтік тәртіп және имидж

Еңбек тәртібі: Күнделікті жұмысқа келу, белгіленген кестені сақтау және қатаң еңбек тәртібін ұстану.

Есептілік: Жұмыс барысында орын алған барлық өзгерістер туралы дирекция басшысына хабарлау.

Ілгерілету: Қоғамның жалпы іс-шараларына қатысу, оларды өткізу және әлеуметтік желілерде жариялау.

Имиджді қорғау: Компанияның беделін қорғау және ілгерілету жұмыстарына әлеуметтік желілерде және өзге де БАҚ-та белсенді қатысу.

Сандық этика: Әлеуметтік желілерде пікір немесе ақпарат жариялау кезінде кәсіби этиканы сақтау, оң немесе бейтарап ұстанымды ұстану.

Контент: Өзінің жеке аккаунттарында эфир жаңалықтарына қатысты материалдарды (әріптестер сюжеттері, сұхбаттар, талдамалар) тарату.

Қауіпсіздік

Ақпараттық қорғау: Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар