Коммерциялық қызмет бөлімінің бас менеджері - Астана

Коммерциялық қызмет бөлімінің бас менеджері

Құрылымдық бөлімше: Коммерциялық қызмет бөлімі

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілі: 3 жылдан кем емес

Еңбек өтілі: 3 жылдан кем емес

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Қызметкер мыналарға:

Бәсекелестік орта мен тұтастай экономика негізінде бейне және аудио материалдарды орналастыруға арналған Корпорацияның прайс-парақтарын әзірлеуге;

Таңдалған аудиторияның медиа қалауына талдау жасауға;

Негізгі тауар топтарының әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары мен тұтынуы бойынша қажетті мақсатты аудиторияны анықтауға;

Жарнамалық компаниялардың жобаларын (теледидар, радио, интернет-жарнама, өзге де бұқаралық ақпарат құралдары, сыртқы жарнама және т.б.) әзірлеуге;

Корпорацияның қызметін қолдау және дамыту үшін қажетті жарнаманы сатудың бюджетте белгіленген деңгейін қамтамасыз етуге;

Жарнаманы орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, телеарналардың, Web сайттардың және өзге де ақпараттық алаңдардың рейтингтерін талдауды жүзеге асыруға;

 Жарнаманы орналастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, телеарналардың, веб-сайттардың және өзге де ақпараттық алаңдардың аудиторияларының ерекшеліктерін зерттеуге;

Корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің эфирінде жарнамалық материалдарды орналастыру кезінде коммерциялық қызмет департаментінің директорымен жарнаманың құны мен жеңілдіктер мөлшерімен келісуді жүзеге асыруға;

Жарнама берушілерді барлық қолжетімді құралдармен іздеу үшін әдістерді әзірлеуге және іздеуді жүзеге асыруға (компанияға өзінің баруы, телефон арқылы сөйлесу, көрмелерге қатысу және т.б.);

Бірнеше нұсқада медиа-жоспар жасауға, ұйым басшылығына немесе клиент өкілдеріне медиа-жоспардың тұсаукесерін жүзеге асыруға, оны негіздеуге;

Корпорацияның бас бөлімшесінде және филиалдарында жарнама сату көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындауға;

Жарнама туралы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мәмілелерді бақылауды жүзеге асыруға (заңнама талаптарына сәйкес теле және радиоматериалды пысықтауға);

Жасалған шарттар бойынша уақтылы төлеуді бақылауды жүзеге асыруға;

Басшылықтың ескертулері мен ұсыныстары негізінде медиа жоспарға түзетулер енгізуге, жарнамалық бюджетті бөлуді жүзеге асыруға;

Жарнамалық науқанның тиімділігін талдауға;

Клиенттер үшін Корпорация қызметтерінің тұсаукесерлерін өткізуге;

Директордың өзге де тапсырмаларын орындауға;.

Әлеуметтік желілерде кез келген ақпаратты, түсініктемелерді және/немесе материалдарды орналастырған кезде кәсіби әдепті сақтауға, мәлімдемелерде оң немесе бейтарап ұстанымды сақтауға. Егер ақпарат, түсініктемелер және/немесе материалдар БАҚ-пен, Жалғыз акционермен, мемлекеттік органдармен және мемлекеттік қызметшілермен байланысты болса, олар жоғарыда аталғандардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталуы және олар үшін имидждік және беделдік қатерлерді қамтымауы тиіс.

Әлеуметтік желілерде (өз аккаунттарында) елде болып жатқан оқиғаларға теріс көзқарасты насихаттауға және қалыптастыруға бағытталған не Жұмыс беруші мен оған тиесілі БАҚ үшін имидждік және/немесе беделді қатерлерді қамтитын ақпаратты орналастырмауға міндетті.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар