Құрылымдық бөлімше: Эксплуатациялық-ресурстық қамтамасыз ету бөлімі
Біліктілік талаптары:
Тәжірибе талап етілмейді
Білімі: Жалпы орта (1-ден 11/12-сыныпқа дейін)
Еңбек өтілі: Талап етілмейді
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
Декорациялардың бастапқы түрін сақтай отырып, оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына қатысады;
Студияда да, шығып жұмыс істеу кезінде де декорацияларды тиеу-түсіру жұмыстарына қатысады;
Бөлім бастығының нұсқауы бойынша бағдарламаларды безендіруді орындайды, сондай-ақ Бөлім мен Департамент қызметіне қатысты басқа да тапсырмаларды орындайды;
Телеарна бағдарламаларына арналған реквизиттерді тасу және жеткізу жұмыстарына қатысады;
Корпорацияның түрлі іс-шараларына (алқа мәжілісі, конференция, арналардың мерейтойлары, жаңа маусымның ашылуы және т.б.) арналған залдарды безендіруге қатысады;
Өзіне сеніп тапсырылған мүліктің, атап айтқанда телеарна бағдарламалары декорацияларының сақталуын қамтамасыз етеді.