"QAZSPORT" телеарнасының бағдарламалық қызметінің бейнеқоршысы - Астана

"QAZSPORT" телеарнасының бағдарламалық қызметінің бейнеқоршысы

Құрылымдық бөлімше: "QAZSPORT" телеарнасының бағдарламалық қызметі

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Еңбек өтілі: Талап етілмейді

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

Бейнематериалдармен жұмыс: мұрағаттық бейнематериалдардың көмегімен авторлық және режиссерлік ойдың дұрыс әрі толық іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Жүйелеу және есепке алу: бейнематериалдарды кодтаумен айналысады және мәліметтер базасын құру мен жүргізу бойынша жұмыс істейді.

Техникалық қамтамасыз ету: талап бойынша мұрағаттық материалдарды қайта жазуды жүзеге асырады және ақауы бар жазбалар анықталған жағдайда оларды ауыстырады.

Қорды дамыту: мұрағаттық бейнеқорды сақтау және молайту технологияларын жетілдіру бойынша жұмыс істейді.

Әріптестерге қолдау көрсету: қызметкерлер мен шығармашылық топтар үшін қажетті бейнепландар мен материалдарды іздестіруді үйлестіреді.

Сақталуы және қауіпсіздігі: мұрағаттағы барлық бейнематериалдардың сақталуына жауапты болады.

Контрагенттермен жұмыс: дайын туындыларды (трансляциялар, бағдарламалар, фильмдер) сыртқы тұлғалар үшін тек басшылықтың (бағдарламалық директордың, бас продюсердің немесе телеарна директорының) өтінімі бойынша қайта жазып береді.

Жалпы тапсырмалар: телеарна және Корпорация басшылығының хаттамалық және өзге де өкімдерін орындайды.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар