Телехикаялар өндірісі бөлімінің продюсер - редакторы - Астана

Телехикаялар өндірісі бөлімінің продюсер - редакторы

Құрылымдық бөлімше: Телехикаялар өндірісі бөлімі

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім: Қызметкердің келесі мамандықтар топтамасы бойынша жоғары білімі болуы тиіс:

«Өнер»;

«Гуманитарлық ғылымдар»;

«Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес»;

«Білім»;

«Техникалық ғылым және технологиялар».

 Мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы қажет.

Еңбек өтілі: кем дегенде 5 жыл

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4

 

1. Өндірістік және шығармашылық жұмыс

Көркемдік Кеңестің отырысына материалдарды дайындауды жүзеге асырады.

Телехикаялардың тұжырымдамасымен, синопсистерімен, сценарийлік жоспарларымен және дайын бөлімдерімен танысып, қажет болса өзгерістер енгізеді.

Өндірісті жоспарлауға, түсірілім мен монтаждың сапасын жақсарту жұмыстарына қатысады.

Дайын өнімнің жасалу процесін тікелей бақылап, түсірілім орындары мен актерлік кастингтерге қатысады.

Тексерілген дайын өнімді «Алтын қор» телерадиофонд департаментіне өткізеді.

2. Контрагенттермен және құжаттармен жұмыс

Контрагенттермен жұмысты ұйымдастырып, атқарылатын жұмыстың сапасын бақылайды.

Дайын өнімді тапсыру кестесін келіседі.

Келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасасуды, сондай-ақ келісімшарт бойынша құжат айналымын жүргізеді.

Кіріс және шығыс хаттармен жұмыс істейді, поштаны қабылдау мен жіберуді қамтамасыз етеді.

Дайын өнім туралы ақпаратты тиісті департаменттерге (Маркетинг, Дистрибуция) ұсынады.

3. Корпоративтік имидж және әлеуметтік желілер

Жұмыс берушінің медиа жобаларын насихаттау мақсатында әлеуметтік желілердегі (Instagram, VK, YouTube және т.б.) жеке парақшаларында бейне- және аудиовизуалды материалдар жариялайды.

Әлеуметтік желілерде кәсіби этиканы сақтап, корпорация мен мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыруға атсалысады.

Эфирдегі жаңалықтарға қатысты фото және бейнематериалдарды өз парақшаларында таратуға міндетті.

4. Жалпы талаптар

Телевизиялық жабдықтарды пайдалану ережелерін, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды.

Корпорацияның Іскерлік этика кодексін және ішкі еңбек тәртібін орындайды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар