ҚҚД экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маман-талдаушысы - Астана

ҚҚД экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маман-талдаушысы

Құрылымдық бөлімше: ҚҚД экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі

Біліктілік талаптары:

Міндеттері:

• Қоғамның қызметін экономикалық жоспарлау және талдамалық сүйемелдеу;

• телерадио арналар үшін контент өндіру және сатып алу шығыстарын жоспарлау және талдау;

• телевизиялық қызметтер мен кино өндірісі нарығын талдау;

• стратегияны, орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;

• жоспарлы және бюджеттік көрсеткіштердің орындалуын қалыптастыру, келісу және бақылау;

• кешенді экономикалық талдау жүргізу, тиімділікті арттыру және шығындарды азайту бойынша ұсыныстар дайындау;

• Қоғамның Даму жоспарының орындалуын қалыптастыру және талдау;

• қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының орындалуын бақылау;

• басқару және қаржы-экономикалық есептілікті дайындау және шоғырландыру;

• жоспарлау және есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуге қатысу;

• басшылықтың тапсырмаларын орындау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Еңбек өтілі: жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс

Жұмыс күні: 5/2, 9,00 - 18,30

Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4

 

Талаптар:

Білімі: жоғары кәсіби (экономикалық немесе инженерлік-экономикалық).

Қаржы-экономикалық саладағы жұмыс өтілі - кемінде 3 жыл.

Экономист, бас маман, қаржы талдаушысы немесе осыған ұқсас лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі.

Саладағы практикалық тәжірибе: бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару; өнімнің/көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын есептеу; қаржы-шаруашылық қызметті талдау; басқарушылық және есептік құжаттаманы дайындау.

Квазимемлекеттік секторда, медиасферада немесе мемлекеттік тапсырмасы бар ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс.

Толық жұмыспен қамту, толық күн


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар