Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы - Астана

Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы

Құрылымдық бөлімше: Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім.

Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.

Еңбек өтілі: жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4

 

Міндеттері:

1С:Бухгалтерия бағдарламасында есепшоттар бойынша күнделікті банк үзінділерін өңдеу және тарату;

Төлем тапсырмаларын дайындау, контрагенттердің банк реквизиттерінің дұрыстығы мен сәйкестігін бақылау және оларды «Банк-клиент» жүйесі арқылы банктерге жіберу;

Корпорациялар үшін банк арқылы қажетті анықтамалар, хаттар, растамалар және басқа да корреспонденцияларды алу;

Міндеттемелерді бухгалтерлік есепке алу жұмыстарын орындау, өз есеп аймағына қатысты бастапқы құжаттарды қабылдау және бақылау, оларды өңдеуге дайындау; ақша қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарына тіркеу.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар