Маркетинг және медиа талдау бөлімінің пресс-менеджері - Астана

Маркетинг және медиа талдау бөлімінің пресс-менеджері

Құрылымдық бөлімше: Маркетинг және медиа талдау бөлімі

Біліктілік талаптары:

Жалпы талаптар:

БАҚ саласындағы немесе сабақтас мамандықтардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс тұлға.

Білімі:

«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандықтар топтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы.

Еңбек өтілі: Жұмыс өтілі: 1–3 жыл

Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін

Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4

 

Толық жұмыспен қамту

График: 5/2

Жұмыс уақыты: 8 сағат

Жұмыс форматы: Жұмыс берушінің орналасқан жерінде (офисте)

Міндеттері:

Корпорация сайттарында орналастырылатын контентті (баспасөз хабарламалары, хабарландырулар және т.б.) дайындау;

Сапалы және оқырмандарды тартатын контент жасау;

Электрондық БАҚ үшін тақырыптық материалдар дайындау;

Әлеуметтік желілерде және электрондық БАҚ-та жұмыс берушіге қатысты жарияланған ақпаратты тұрақты қадағалау (мониторингілеу);

Өз қызметтік міндеттері шегінде жоспарлы күнделікті, апталық, айлық және жылдық есептерді дайындау;

Жұмыс берушінің тапсырысы бойынша әртүрлі тақырыптардағы тұсаукесерлердің (презентациялардың) тұжырымдамасын (концепциясын) және мәтінін жасауға қатысу.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

9-тармақ. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

Тармақша 1) жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

Тармақша 2) бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

Тармақша 3) бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

Аймақтық арналар