Құрылымдық бөлімше: Өндірістік орталық Режиссерлік қызметі
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары техникалық, не педагогикалық, не гуманитарлық, не өнер саласында, сондай-ақ әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында.
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл.
Еңбек өтілі: Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл.
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін
Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4
Міндеттері:
Тележобаларды, кино-, теле-, бейнефильмдерді, барлық түрі мен жанрдағы телерадио бағдарламаларды монтаждау жөніндегі жұмыстардың толық кешенін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Қолданыстағы техникалық нормативтерді, сондай-ақ монтаждық жұмыстарды (монтаждық өтінім) жүргізуге арналған күнтізбелік-өндірістік жоспармен белгіленген мерзімдерді сақтайды;
Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Бағдарламалардың көркемдік-техникалық сапасын арттыру үшін шаралар қабылдайды;
Монтаждалған бағдарламаның соңғы нұсқасын қарап шығады;
Монтажды жүзеге асыруға кіріспес бұрын жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді;
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді орындайды;
Өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.