Құрылымдық бөлімше: Хатшылық
Біліктілік талаптары:
Біз келесі талаптарға сай үміткерді іздейміз:
Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген;
Жоғары білімі бар;
Презентабельді сырт келбеті бар;
Жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие;
Офистік бағдарламаларды меңгерген.
Еңбек өтілі: 1 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 9/00-ден 18/30-ға дейін, 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева, 4
Жұмыс мәні:
Басшының жұмыс күнін ұйымдастыру: күнтізбені жүргізу, кестені қадағалау, тапсырмалар мен кездесулер туралы ескерту жасау;
Әкімшілік қолдау: есептер, презентациялар, хаттар дайындау;
Іссапарларды ұйымдастыру: билеттер мен қонақүйлерді брондау, іссапар құжаттарын әзірлеу;
Ақпаратпен жұмыс: басшы мен компания қызметкерлері, серіктестер және мемлекеттік органдар арасындағы байланыс орнату;
Басшының ауызша тапсырмаларын орындау және олардың орындалуы туралы хабарлау;
Жұмыс күні басталғанға дейін басшының кеңсесі мен қабылдау бөлмесінің дайындығын тексеру (тазалық сапасы, желдетілуі, кеңсе тауарларының жеткіліктілігі, телефон құрылғыларының жұмыс істеуі және т.б.).
Біз ұсынамыз:
5/2 жұмыс кестесі, сағат 09:00–ден 18:30–ға дейін;
Дамуға және мансаптық өсуге мүмкіндік;
Әлеуметтік пакет (ерікті медициналық сақтандыру, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар, Жаңа жылдық балалар сыйлықтары);
Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған сыйақылар;
Жыл сайынғы еңбек демалысына арналған бір жалақы мөлшерінде материалдық көмек;
30 күнтізбелік күндік жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
Тұрақты еңбекақы төлеу;
Үлкен әрі тату ұжымда жинақталатын баға жетпес тәжірибе.