Жайна Сламбек

Жайна Сламбек

«Апта» бағдарламасының жетекшісі-жүргізушісі

1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019-2022 жылдары «Qazaqstan» телеарнасы «Апта» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қарашасына дейін «Хабар» телеарнасының директоры.

Қазір «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекшісі-жүргізушісі.

Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж). Сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).

2021 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Аймақтық арналар