Назерке Нұртасқызы

Назерке Нұртасқызы

«Таңшолпан», «Мергендер мекені» бағдарламаларының жүргізушісі

Нұртас Назерке - 1991 жылы 24 қыркүйекте, Алматы қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұлдан кейінгі ерке кенжесі.

Алматы қаласындағы №12 гимназияның түлегі. 2009-2014 жылдары Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кино және телевизия» факультеті «Авторлық теле-радио таралым» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында жүргізуші-редактор қызметінен бастаған. Сол жылы «Таңшолпан» бағдарламасы «Қолөнер шебері» айдарының жүргізушісі ретінде танылып, көрермен көзайымына айналды.

2012 жылдың 24 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін корпорация құрамындағы таңғы бағдарлама жүргізуші қызметін атқарып келеді.

Студент кезінен бастап «Балапан» телеарнасында жүргізуші болған.

2017-2018 жылдары «Atameken Business» телеарнасының мәдени жаңалықтарын жүргізді.

2018-2019 жылдар аралығында корпорация құрамындағы «Астана-FM» радиосында таңғы, күндізгі, кешкі бағдарламалардың жүргізушісі болды.

2017-2019 жылдары Астана қаласындағы «Шабыт» өнер университеті «Кино және телевизия» факультетінде, оқу орны басшылығының ұсынысымен ұстаздық қызмет атқарды.

2023 жылы мергендік өнерді насихаттайтын, Қазақ телевизиясындағы тұңғыш «Мергендер мекені» реалити шоуын жүргізді.

Қызығушылығы: Мектеп жасынан бастап ат спортымен айналысады («Выездка» бағыты бойынша). Қолөнер мен сән әлеміне қызығушылығы жоғары. Киізден түрлі ұлттық бұйымдарды жасағанды, тікелей эфирде көрерменмен бөліскенді ұнатады. Италиялық сән және стиль институтының «Стилист-имиджмейкер» бағыты бойынша сертификат иегері. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Өнертану ғылымдарының магистрі.

Аймақтық арналар