Айдын Дүйсенбайқызы Егізова

Айдын Дүйсенбайқызы Егізова

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры

1991 жылы 15 наурызда Қарағанды облысында дүниеге келген.

2012 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 2021 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасын тәмамдаған.

2012 - 2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Веб-ресурстар бөлімінің веб-сайт редакторы, 2016 - 2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті Интернет-редакциясының шеф-редакторы болды.

2019 - 2021 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаменті Интернет редакциясының жетекшісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Диджитал департаментінің директоры болып еңбек етті.

2023 жылдан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры.

Аймақтық арналар