1984 жылы 28 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
2004-2005 жылдары «Қалкен ТВ» телеарнасының жүргізуші-корреспонденті, 2005-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шығармашылық қызметінің редакторы, 2006-2011 жылдары «Qazaqstan» ҰТА ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі болды.
2011-2019 жылдары Ұлттық арнаның Ресейдегі меншікті тілшісі қызметін атқарды.
2019 -2023 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Altai» телеарнасының директоры лауазымын атқарды.
2023 жылдан бастап «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры.