Мөлдір Перне-Әліқызы Әбдірайымова 1989 жылы 29 маусымда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген.
Жамбыл политехникалық колледжін, 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.
2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор-тележүргізуші қызметін атқарды. «Рауан» таңғы-ақпараттық бағдарламасын, «Балдырған» бағдардамасын жүргізген. 2011 жылы «НТК» телеарнасында редактор-жүргізуші, 2011-2021 жылдары «Астана қ. теледидары» ЖШС Бағдарламалар бөлімінің редакторы болды.
2021 жылдың 17 мамырынан бастап «Qazaqstan» телеарнасының Таңғы бағдарламалар дайындау бөлімінде редактор болып қызмет етеді. Бүгінде «Таңшолпан» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасының және Ауа райының жүргізушісі.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Салауатты өмір салтын ұстанады. Көлік тізгіндегенді және жылдамдықты ұнатады. Тұрмыста, 3 ұлы бар. Бос уақытын балаларына арнауға тырысады. Каллиграфияға қызығады.