1986 жылы 5 шілдеде, Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында 5 баланың кенжесі. Мектеп қабырғасында оқып жүріп журналистикаға қызыққан.
2000 жылы оқушыларға арналған «Переменка», «Халық» газеттеріне мақала жазып, тележурналистикаға қызықты. Мектеп қабырғасында оқып жүріп, 2001 -2003 жылдары аралығында «Қызылорда-Қазақстан» арнасында редактор, жүргізуші болып еңбек етті. 2003-2008 жылдары «17» жастар бағдараламасын жүргізіп, көрермен көзайымына айналды.
2004-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алды.
2008-2010 жылдары «Қазақстан» ҰТА«Таңшолпан» бағдарламасына редактор-жүргізушісі болып қызметке тұрды. «Айгөлек» балалар байқауының, «Намыс Дода» шоуының сценарист-редакторы, 2010 жылы «Хабар» агенттігінің таңғы бағдарламалар редакциясының жүргізуші-редакторы болды
2010 жылдан бүгінге дейін «Love radio» радиосында жүргізуші боп жұмыс істейді.
2012 жылы «Астана тв» арнасында жаңалықтар жүргізді.
2013- 2014 жылдары «Қазақстан» ҰТА «Әйел бақыты» ток-шоуының жүргізуші, продюсері қызметін атқарды.
2015 жылы «Қазақстан» ҰТА «Қазақстан дауысы» жобасының жүргізушісі, «Бірге таңдаймыз» жобасының продюсері, «Сәлем, Қазақстан!» шоуының продюсері болды.
2016 жылы «Той Думан» телеарнасының бас продюсері, 2017 жылы «Тікелей эфирде Астана» ток-шоуының жүргізушісі, «Ой мен ойын» шоуының жүргізуші-продюсері, 2019 жылы «Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасының департамент жетешіс қызметін атқарды.
2020 жылы «Егіз-лебіз» мегажобасын жүргізді. Сол жылы ҚР Парламенті Сенатының PR бөлімінің маманы, 2021жылы ҚР Сенат жанындағы Сарапшылар клубының эксперті, ҚР Президент жанындағы стратегиялық институтының бас маманы, 2022 жыл «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі болды.
2022 жылдан бері «Өмір көркем» отбасылық-таныдық бағдарламаның жүргізушісі.
Қызығушылығы:
Бала кезінен сурет салғанды ұнатады. Сондықтан да сән әлемі, сұлулық тақырыбы ешқашан бейжай қалдырған емес. Отандық сән индустрия мамандарымен тығыз байланыста. Әлеуметтік желіде оқырманға, сұлулық тақырыбымен жақын. ТМД-ға, Қазақстанға танымал брендтердің ресми дауысы.
Жұмыс істей жүріп, саясаттану мамандығы бойынша магистраруға түсіп, диплом алды. Әлеуметтік-саяси, қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшесі.
Соңғы уақытта психология, қарым-қатынас тақырыбына ден қойып жүр. «Сөзің өтімді болсын» ораторлық, коммуникациялық оқу бағдарламасының авторы, тренері.
Басты ұстанымы: Қызына ең жақын дос, ең мейірімді ана болу. Адам бойындағы жеті қабілетті дамыту арқылы жетістікке жетуге болады. Үнемі ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылу адамның рухани байлығын кеңейтеді.