Әйгерім Сейфолла

Әйгерім Сейфолла

«1001 түн» бағдарламасының жүргізушісі

1984 жылы 28 ақпанында Қарағанды облысы Теңіз ауданы (қазіргі Нұра ауданы) Баршын ауылында дүниеге келген.

2001-2006 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика бөлімін тәмамдады.

2003 жылдың шілде айынан бастап «Эра тв» (7 арна) телеарнасында таңғы бағдарламаның редактор-жүргізушісі, 2005 жылы «Қоғам және заң» бағдарламасының редактор-жүргізушісі, 2005 жылы “«Астана» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде штаттан тыс тілші-аудармашы болды.

2006 жылы (қаңтар-мамыр айларында) Алматы қаласындағы «Азаттық» радиосында тілші, 2006-2008 жылдары «Эра тв» (7 арна) телеарнасында музыкалық-танымдық «Хабарлас» бағдарламасының редактор-жүргізушісі қызметін атқарды.

2008 жылдың тамызынан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сіз бен біз» ток-шоуында комментатор, продюсер болды,  2009-2011 жылдары Ұлттық арнада «Меншікті мекен» жобасын, 2012-2019 жылдары «Астана» телеарнасында «Сырласу» бағдарламасын, 2020 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін «Қазақстан» ұлттық арнасының «Ниет» бағдарламасын жүргізді.

2022 жылдың 11 сәуірінен «1001 түн» бағдарламасының жүргізушісі.

Хоббиі: балық аулау, серуен, жүзу, бала психологиясы бойынша ізденіс, кітап оқу;

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-орын иегері (2010ж), «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының 1-орын иегері (2012ж), ҚР Президенті Грантының иегері (2013 ж), ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2015 ж).

Аймақтық арналар