Берік Көшербекұлы

Берік Көшербекұлы

«Таңшолпан» бағдарламаларының жүргізушісі

Шығыс Қазақстан облысының қазіргі Күршім ауданы Боран ауылында дүниеге келген. Алматы облысы Райымбек ауылындағы К.Әзірбаев атындағы орта мектепте білім алған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Авторлық теле-радиотаралым режиссурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ұлттың үнжарғысы Қазақ радиосында қызмет еткен.  «Ретро-FM» радиосының музыкалық жүргізушісі, «Алматы» телеарнасында бағдарламалар өндірісі бөлімінде тілші әрі кадрдан тыс диктор болды. 

2008 жылдан бері «Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.


Аймақтық арналар