Шығыс Қазақстан облысының қазіргі Күршім ауданы Боран ауылында дүниеге келген. Алматы облысы Райымбек ауылындағы К.Әзірбаев атындағы орта мектепте білім алған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Авторлық теле-радиотаралым режиссурасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ұлттың үнжарғысы Қазақ радиосында қызмет еткен. «Ретро-FM» радиосының музыкалық жүргізушісі, «Алматы» телеарнасында бағдарламалар өндірісі бөлімінде тілші әрі кадрдан тыс диктор болды.
2008 жылдан бері «Tańsholpan» бағдарламасының жүргізушісі.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.