1979 жылы 1 қазанда Абай облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2001-2004 жылдары ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыған.
«Қазақстан – ZAMAN» газетінде (2001 ж.), «Парасат» журналында (2002 ж.), «Қазақ радиосында» (2004 ж.), «Қазақстан» (2002-2006 ж.ж.), КТК (2007 ж.) телеарналарында қызмет атқарған. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Сценарлық алқа мүшесі болған (2008-2009 ж.ж.). 2009 жылдың қазан айынан бастап «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы, 2012 жылдың тамызынан «31 арнаның» Ақпараттық бағдарламалар директоры болды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Бас редакторы, 2022 жылдың 26 қыркүйегінен «Qazaqstan» телеарнасының директоры.
2023 жылдың шілде айынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы болды.
2024 жылдың сәуір айынан «Qazaqstan» телеарнасының директоры.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Алаш қайраткерлері туралы бірнеше деректі фильмнің сценарий авторы. «Алашорда» және «Алаш автономиясының әскері» атты фотоальбомдардың құрастырушысы.