Бексұлтан Әкімжан

Бексұлтан Әкімжан

«Таңшолпан» бағдарламаларының жүргізушісі

2000 жылы 9 маусымда Түркістан облысының Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Пушкин, сондай-ақ Рысқұлов атындағы қазақ және орыс мектептерінде білім алды.

2017-2021 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 2017 жылы бастаған. 2017-2018 жылдар аралығында жеке мектепте пианинодан сабақ берген. 2019-2020 жылдар аралығында «Өзіміз» жеке театр ұжымында өнер көрсетті.

«Бір тоқсан», «Сержан братан», «Жат туыстар», «Енді не істейміз?» фильмдері арқылы көрерменге етене таныс.

2022 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасының «Tańsholpan» ақпаратты-сазды бағдарламасының жүргізушісі.

Бос уақытында музыкамен айналысып, пианинода ойнайды, ән шығарғанды жақсы көреді. Ережесіз жекпе-жек спортымен, жеңіл атлетикамен айналысады, ММА шаршы алаңында бақ сынаған. «Мұзбалақ» футбол командасының ойыншысы.  


Аймақтық арналар