Рахымжан Дархан Рахымжанұлы 1995 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ақтөбе қаласы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2014 жылы "Қазақстан" РТРК, Ақтөбе облыстық филиалы - "Aqtobe" телеарнасында бастаған.
Әр жылдары тақырыптық хабарлар және жаңалықтар бөлімінің редактор-жүргізушісі қызметін атқарды.
2020 жылдан "Qazaqstan" ұлттық телеарнасында қызмет етеді.