Дархан Рахымжан

Дархан Рахымжан

«Ақпарат» бағдарламасының жүргізушісі

Рахымжан Дархан Рахымжанұлы 1995 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Ақтөбе қаласы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің түлегі. «Актерлік өнер» мамандығында арнаулы орта білім тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2014 жылы «Қазақстан» РТРК, Ақтөбе облыстық филиалы - «Aqtobe» телеарнасында бастаған. Әр жылдары тақырыптық хабарлар және жаңалықтар бөлімінің редактор-жүргізушісі қызметін атқарды.

2020 жылдан «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында қызмет етеді.

Хоббиі өнер, шығармашылық бағыттармен байланысты. Көркем әдебиет оқығанды ұнатады. Вокал курстарынан өткен. Әуесқой ән салады. Мәнерлеп өлең оқиды. Футболсүйер жандардың қатарынан. Мюнхендік «Бавария» клубының жанкүйері. Арманы - Еуропа қалаларын аралап, Чемпиондар лигасының финалын көру.



Аймақтық арналар