1987 жылы 24 қыркүйекте Ақмола облысы Зеренді ауданында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілін 2009 жылы бастады. 2009-2011 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының редакторы, шығарылым жүргізушісі, таңғы-танымдық бағдарламаның авторы болды. 2011-2012 жылдар аралығында облыстық «Арқа ажары» газетінде тілші, 2012-2020 жылдар аралығында «Астана» телеарнасында тілші, диктор қызметін атқарды. 2014-2020 жылдар аралығында «Орда FM» радиосында жаңалықтар бөлімінің қызметкері, 2018-2020 жылдар аралығында «NS» радиосында жаңалықтар бөлімінің қызметкері болды.
2020 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі, «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі.
Ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген. Бала кезінде ауа райы жүргізушісі болуды армандаған. Көркем әдебиет, психология, биография жанрдағы кітап оқығанды, экстремалды спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады. Болашақта шетелде тағылымдамадан өтіп, медиа саласын тереңінен зерттеп, ғылыми дәреже алуды армандайды.
Оқушы кезінде облыстық мәнерлеп оқу сайыстарына, тоғызқұмалақтан аймақтық чемпионаттарға қатысқан. «Әнші балапан» байқауының лауреаты.