Шерхан Жамбылұлы

Шерхан Жамбылұлы

«Ақпарат» бағдарламасының жүргізушісі

1993 жылы 25 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылында дүниеге келген. Мырзатай орта мектебінің түлегі. Мектептегі сүйікті пәні - математика және география.

Бірінші оқыған мамандығы «Бухгалтер». 2012 жылы Жамбыл политехникалық колледжін тәмамдады. Ал 2016 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Жоғары білімі «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі».

Студенттік кезеңде пікірсайыс ойындарына белсенді қатысқан. Облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпазы. «Мұқағали оқулары» байқауының жүлдегері.

Еңбек жолын Байзақ ауданының «Жастар орталығы» мекемесінде бастаған.  2013 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасына кастинг арқылы өтіп, редактор-жүргізуші болып қызмет атқарды.  2017 жылы Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасының штаттан тыс редакторы болды. 

2018 жылдан бастап Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы бөлімінде редактор – жүргізуші. Президенттік пул тілшісі. 

Қазақша, орысшадан бөлек, ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген.

Сүйікті ісі - футбол ойнау және поэзия. Арманы- Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына жанкүйерлік ету. Бос уақытында кітап оқып, серуендегенді және театрға барғанды ұнатады. «Қаллеки» мен «Жастар» театрларының тұрақты көрермені. Сүйікті жазушысы – Шерхан Мұртаза.

Аймақтық арналар