1987 жылы 22 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Жаңасу ауылында дүниеге келген.
2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы университетте 3-курс оқып жүріп «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында жұмысқа орналасқан. 2008 жылы университетті тәмамдаған соң Астана қаласына көшкен.
2008-2014 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Эра тв» (7-арна), «Еуразия+ОРТ» телеарналарында жаңалықтар қызметінің тілшісі, жүргізушісі қызметтерін атқарған. 2016 жылы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Түркиядағы меншікті тілшісі болған.
2016 жылдың желтоқсанынан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да жұмыс істейді. 2019 жылдың қыркүйегіне дейін «Aqparat» бағдарламасында тілші, аға тілші-жүргізуші қызметтерін атқарды. Тілшілікпен қатар жаңалықтар жүргізушісі болды.
Қазір «Apta» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекшісі-жүргізушісі.
Бала кезінен журналист болуды армандаған. Қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадаларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Кітап оқығанды, деректі және көркем фильмдер, сұхбаттар көргенді жақсы көреді.
Марапаттары: «ҚР Ақпарат саласының үздігі» медалінің иегері, ҚР Президенті грантының иегері.