Ардақ Қасымхан

Ардақ Қасымхан

«Таңшолпан» бағдарламаларының жүргізушісі

Қасымханов Ардақ Нұрболғанұлы 1996 жылы 24 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Еңбек өтілін 2018 жылы «Қазақ радиолары» ЖШС стратегиялық дамыту қызметінің web-редакторы қызметінен бастаған.

2018 жылы «Қазақ» радиосындағы «Қайырлы таң, қазақ елі!» және «Ақ тілек» бағдарламаларының жүргізушісі;

2018-2020 жылдар аралығында «Еуразия бірінші арнасы» арнасында «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасының жүргізушісі қызметін атқарған. 

2020 жылдан бері «Qazaqstan» ұлттық арнасында қызмет атқарады.

Жастайынан поэзияға құмар болып, Абайдың, Махамбеттің, Мұқағалидің өлеңдерін жаттап өскен. Бала күнінде хоббиі сурет салу мен дәптерге жапсырмалар жабыстыру болған. Бос уақытында футбол, баскетбол үйірмелеріне және домбыра сабағы мен вокалға қатысқан. Қызмет етіп жүрген мамандығына деген махаббаты 8-ші сыныпта оянды. Анасына бір бағдарлама көріп отырып: «Мен болашақта тележүргізуші боламын», - деп уәде беріп, мектепті тәмамдаған соң Астанаға Еуразия ұлттық университетіне журналистика мамандығына түседі. Алғаш 4-курс оқып жүргенде радиоға қызметке тұрып, журналистика саласындағы жорығын бастайды. 

Болашақта шетелде тағылымдамадан өтіп, медиа саласын тереңінен зерттеумен қатар,  кино саласында да актерлік шеберлігін паш ету ойында бар. Оқушы кезінде Халықаралық «Лучшие люди» кітабының тізіміне енген. Әр жылдары республикалық «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Жарқын болашақ» байқауларының жүлдегері. 2014 жылы Түркістан қаласында өткен «Яссауитану» жарысының бас жүлде иегері.

Аймақтық арналар